press office of Shakarim University25 august 2025студент

Студенттер жатақханаға орналасып жатыр

Шәкәрім университетінде жаңа оқу жылы басталар алдында студенттерді жатақханаға орналастыру жұмыстары басталды. Студенттерді жатақханамен қамту – жастардың білім алуына қолайлы жағдай жасап, олардың әлеуметтік қорғалуына кепіл болатын маңызды қадамдардың бірі.

Студенттер үйіне орналасу үшін керекті құжаттар:

  • жеке куәлік (түпнұсқа, көшірме – 2 дана);
  • фото сурет 3х4 – 6 дана;
  • іс қағазы (скоросшиватель бумажный) – 1 дана;
  • файл – 2 дана;
  • конверт – 1 дана;
  • оқуы туралы анықтама (Платонустан алынады);
  • 075/у медициналық анықтамасы және флюорография (көшірме);
  • балалар үйінен анықтама (түпнұсқа), ата-анасының қайтыс болғандығы жөніндегі анықтама немесе асыраушысы туралы анықтама (ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін);
  • мүгедектік туралы анықтама (мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін);

 

Шетел азаматтары үшін:

  • паспорт (түпнұсқа, көшірме – 2 дана);
  • паспорттың қазақша аудармасы (көшірме – 1 дана);
  • фото сурет 3х4 – 6 дана;
  • іс қағазы – 1 дана;
  • файл – 2 дана;
  • конверт – 1 дана;
  • оқуы туралы анықтама

 

Шәкәрім университетінде 2025 – 2026 оқу жылына студенттерді Студенттер үйлеріне орналастыру тәртібіне келсек,  25 – 28 тамыз аралығында I   курсқа түскен жастар,   29 тамызда II, III, IV, V  курс студенттері, әлеуметтік осал топтағы студенттер (ата – ана қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі) және шет елдерден келген студенттер орналастырылады.  

  «Серпін-2050» бағдарламасының II, III, IV курс студенттерін орналастыру   тамыздың 30-31 жұлдызына жоспарланған. Ал 1 қыркүйектен бастап жатақханалардағы бос орындарға  II, III, IV, V  курс білім алушылары орналастырылады.   

Студенттер үйінде тұрудың жылдық ақысы 140.000-160.000 теңге аралығында.

Колл-центр телефоны 8-747-997-00-42, дүйсенбі-жұма аралығында 09:00-18:00 дейін жұмыс істейді.