
Стартап-жобалар байқауында бағыңызды сынап көріңіз!
Құрметті университет білім алушылары мен қызметкерлері!
«Shakarim Start-up 2025» стартап-жобалар байқауына қатысуға өтінім қабылдау басталды.
Байқау инновациялық идеяларды қолдауға және қатысушылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға бағытталған.
Қатысуға барлық ниет білдірушілердің: бакалавриат, магистратура және докторантура білім алушылары, сондай-ақ, университет оқытушылары мен қызметкерлерінің мүмкіндігі бар.
Егер сізде жаңа идея немесе іске асыруға дайын бизнес-жоба болса, бұл – Сіз үшін тамаша мүмкіндік. Бұл ретте:
-өз жобаңызды таныстыру,
-менторлық қолдаудан өту,
-бизнес құру мен дамыту туралы құнды білім алу,
-өз идеяңызды жүзеге асыру үшін университеттің қаржыландыруына қол жеткізу үшін бағыңызды сынай аласыз.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі 18 тамыздан 15 қыркүйекке дейін.
Керекті құжаттардың үлгілері:
https://drive.google.com/drive/folders/1w-CNK-gUPU0Auq6E9PANFUmpBit-O_wD?usp=sharing
Барлық сауалдар бойынша: Innovation Hub, университеттің бас ғимараты, Глинка көшесі, 20а, 504 кабинет.
- Соңғы хабарландырулар
-
Стартап-жобалар байқауында бағыңызды сынап көріңіз!
18-08-2025
-
Shakarim University жаңа логотипіне арналған байқау
01-07-2025
-
Талапкер-2025
04-06-2025
-
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР» БАҒЫТЫ БОЙЫНША «БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ - 2025»
03-04-2025
-
"БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ - 2025"
03-04-2025
-
ШӘКӘРІМ МЕКТЕБІНЕ (Shakarim High School) ШАҚЫРАМЫЗ!
20-02-2025