Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі25 тамыз 2025археология

Абай облысы өңіріндегі көне қоныстардың құпиясын археологтар ашуда

Шәкәрім университеті мен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіліп жатыр.

 

 

Бұл келісім негізінде екі ғылыми орталық өз күшін біріктіріп, Қазақстанның көне дәуірлеріне қатысты археологиялық және тарихи деректерді жүйелі түрде зерттеуге бағытталған ортақ бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Соның бірі – «Абай облысын кешенді тарихи-археологиялық зерттеу» атты ғылыми жоба. Осы бағдарлама шеңберінде археологиялық қазба жұмыстары жоспарлы түрде атқарылып отыр.  

 

 

Бағдарлама аясындағы негізгі нысандардың бірі – Абай облысының Жаңасемей ауданына қарасты Мұздыбай ауылының жанында орналасқан Мұздыбай-3 қорымы. Мұнда жүргізілген археологиялық зерттеулердің мақсаты – ежелгі дәуірлерде өмір сүрген қауымдастықтардың мәдени-тарихи келбетін анықтау.

 

 

Қазба барысында алынған материалдар сол кезеңдегі этностардың жерлеу дәстүрлерін, әлеуметтік құрылымын және материалдық мәдениет үлгілерін айқындауға мүмкіндік береді. Бұл деректер аймақтың көне тарихын толықтыра түсіп, мәдени мұрасын жан-жақты зерделеуге жол ашады.

 

 

Сонымен қатар, жаңа ғылыми мәліметтерді ғылыми айналымға енгізуге ықпал етеді. Алдағы уақытта зерттеу жұмыстары жалғасып, табылған артефактілерге кешенді зертханалық сараптамалар жасалмақ. Соның ішінде радиокөміртектік (С14) мерзімдеу, технологиялық және трасологиялық талдаулар қарастырылған. Аталған әдістер ескерткіштің «жасын» дәлірек анықтап, оны тарихи-мәдени тұрғыдан неғұрлым толық сипаттауға мүмкіндік береді.