Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі29 қыркүйек 2025шәкәрім университеті

Париждегі халықаралық конференцияға қатысты

2025 жылдың 18 қыркүйегінде Француз Республикасы Елшілігінің ресми шақыруы бойынша Париж қаласында «Қазақстан археологиясы: Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың жетістіктері мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды.


Конференцияда Шәкәрім университетінің BR24992916 «Абай облысын кешенді тарихи-археологиялық зерттеу» ғылыми-зерттеу жобасының шеңберінде белгілі археолог, профессор Зейнолла Самашев «Шығыс Қазақстандағы жаңа археологиялық ашылымдар» тақырыбында баяндама жасады.


Бұл ғылыми іс-шара Қазақстан мен Франция арасындағы археологиялық зерттеулер саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын айқындап, жаңа нәтижелерді халықаралық ғылыми қауымдастыққа таныстыруға мүмкіндік берді.