2025 жылдың 4 мамырында өткен INNOVATE SHAKARIM UNIVERSITY форумы жай ғана іс-шаралар жиынтығы емес, ол аймақтың интеллектуалдық дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды платформа болды. Форум аясында білім, ғылым және инновация салаларындағы жетекші сарапшылар, жас ғалымдар мен студенттер бас қосып, заманауи технологиялардың әлеуетін, олардың өңірлік экономика мен қоғам өміріне ықпалын талқылады....
Нақты өсу. Негізгі қиындықтар. Нағыз адам болу
2025 жылдың 4 мамырында өткен INNOVATE SHAKARIM UNIVERSITY форумы тек инновациялық жобаларды таныстырумен ғана шектелген жоқ, сонымен қатар шығармашыл ойлауды, кәсіпкерлікті және ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған орта қалыптастырауға бағытталды. Форумда ұсынылған бастамалар мен идеялар – өңіріміздің болашағына серпін беретін нақты қадамдар. INNOVATE —...
Шәкәрім университетінің Агробиозертханасының эксперименттік алаңдарында Қытай Халық республикасының Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен әріптестік аясында биыл шетелдік технологияға негізделген картоп сұрыптарын егу қолға алынып жатыр.
Картоп егуге арналған қытайлық шағын машинаның көмегімен тәжірибелік егіс жұмыстары едәуір жеңілдетілді. Аталған техника тұқымды біркелкі егіп, бір мезгілде тыңайтқыш енгізуге мүмкіндік...
Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері, әріптестер, студенттер, жас ғалымдар!
Биыл еліміз ерекше күнді – Жеңістің 80 жылдығын атап өтуде.
Екінші дүниежүзілік соғыста қазақ халқы ерекше ерлігімен көзге түсті. Отандастарымыз қан майданда ерлік көрсетсе, елде қалған қарттар мен әйелдер, бала-шаға «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен тылда...
Шәкәрім университетінде Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты музыкалық-поэтикалық кеш өткізілді.
Кеш "Соңғы соғыс поэзиясы" қойылымымен басталып, экраннан қазақтың біртуар перзенті, әйгілі әскери қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, Бауыржан Момышұлының майдан жайлы естеліктері көрсетілді.
Келесі...
Құрметті әскери қызметшілер, Отан қорғаушылар!
Ардақты ардагерлер, құрметті оқытушылар!
Қымбатты студенттер!
7 мамыр –қайсарлық пен туған ел алдындағы адалдықтың күні. Бұл – ел шекарасын, халық тыныштығын қорғайтын, қаруымен де, кәсібімен де Тәуелсіз Қазақстанның мүддесіне қызмет етіп жүрген жандардың күні.
ShakarimUniversity ұжымы атынан баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен...
2025 жылғы 4–5 мамыр күндері Қазақстан тарихында алғаш рет I Халықаралық жылқы шаруашылығы конгресі өтті.
ShakarimUniversity қабырғасында өткен айтулы іс-шара Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының ауылшаруашылық университеттері, ғылыми-зерттеу институттары, асыл тұқымды шаруашылықтары мен министрліктерінің өкілдерін, жетекші мамандар мен ғалымдардың басын қосты.
Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аграрлық ғылымды...
INNOVATE SHAKARIM UNIVERSITY форумының сараптамасы
2025 жылғы 4 мамыр күні Shakarim University қабырғасында
14 ірі іс-шара өтті:
Ректор Думан Орынбековтің мазмұнды 3 кездесуі:
Үздік мектеп түлектерімен — 1200-ден астам қатысушы
Магистратура үміткерлерімен — 300-ден астам қатысушы
Колледж үздіктерімен — 200-ден астам қатысушы;
Инновациялық жәрмеңкеде 30-дан астам стартап-жоба ұсынылды;
«Intellectual...
4 мамырда Shakarim University аумағында халықаралық Innovate Shakarim University форумы өткізіліп, келушілер ғылым, жастар көшбасшылығы, спорт пен өңірлік ынтымақтастықтың тоғысқан сәтіне куә болды.
Ректор Думан Орынбеков облыс орталығы мектептерінің түлектерімен, магистратураға үміткерлермен және Семей қаласы колледждерінің түлектерімен кездесті.
Мектеп бітіруші түлектермен кездесуге Семей қаласының және Абай облысының ең үздік...
Магистратура – болашақтың сәулетшілері үшін
4 мамырда Shakarim University-дің бас ғимаратының акт залында ректор Думан Орынбековтің магистратураға үміткерлермен кездесуі өтті. Бұл кездесу Innovate Shakarim University халықаралық форумының ғылым, инновация, көшбасшылық және өңірлік миссияны біріктірген маңызды оқиғаларының бірі болды.
Кездесуге 300-ден астам жас жиналды, олардың қатарында университет түлектері мен...