Shakarim University экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жасыл болашаққа үлес қосу мақсатында «Green Transportation Initiatives» акциясын ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – «Таза Қазақстан» акциясы аясында университетіміздің қызметкерлері мен білім алушылары экологияға үлес қосып, зиянды шығарындыларды азайтуға бағытталған бір күндік акцияны жүзеге асыру.
Бүгінде экологиялық қауіпсіздік жаһандық деңгейдегі басты мәселелердің бірі. Ауаның ластануы, көмірқышқыл газының шамадан тыс көп бөлінуі және көлік түтіндері қоршаған орта мен адам денсаулығына кері әсер етеді. Осыған байланысты баламалы және экологиялық көлік түрлерін дамыту өзектілігі артып келеді.
Shakarim University экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында «жасыл» бастамаларды белсенді түрде қолдап келеді. Білім ордасы «жасыл университет» тұжырымдамасын кезең-кезеңімен жүзеге асыруда. Оның айқын көрінісі – велосипед мәдениетін қалыптастыруға арналған бастамалар.
Университетіміздің негізгі мақсаттарының бірі – қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін, қауіпсіз және тиімді көлік шешімдерін енгізу. Сол бағытта университет қызметкерлері үшін велосипед – экологиялық таңдауға айналды.
Велосипедті тұрақты пайдалану атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтарды азайтып қана қоймай, салауатты өмір салтын ұстануға да септігін тигізеді.
Shakarim University қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жобалар арқылы білім беріп қана қоймай, жауапты қоғамды қалыптастыруды мақсат етеді.