Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі25 қыркүйек 2025хуавей

Шәкәрім университетінде Huawei өкілімен кездесу өтті: студенттерге ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жаңа мүмкіндіктер таныстырылды

AI SANA жобасы аясында Шәкәрім университетінде Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының таланттар экожүйесін дамыту жөніндегі менеджері Сымбат Саматқызы Советхалықовамен кездесу өтті.

 

Кездесу барысында студенттерге Huawei компаниясының Қазақстан Республикасындағы қызметі туралы ақпарат беріліп, компанияның жаһандық білім беру бастамаларына қатысу арқылы ашылатын мүмкіндіктер кеңінен таныстырылды. Атап айтқанда, Huawei ICT Academy бағдарламасы мен Huawei ICT Competition 2024–2025 халықаралық байқауының басталғаны туралы хабарланды.

 

Бүгінгі таңда Қазақстанда жетекші жоғары оқу орындарының базасында 48 Huawei ICT Academy жұмыс істейді, олардың қатарында Шәкәрім университеті де бар. Академия студенттерге ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласы бойынша тегін курстарға, халықаралық сертификаттауға және тәжірибелік білімге қол жеткізу мүмкіндігін береді.

 

 

Huawei ICT Competition

Huawei ICT Competition – АКТ саласында өзін дамытқысы және көрсеткісі келетін студенттерге арналған жаһандық байқау. Байқауға қатысу арқылы студенттер мынадай мүмкіндіктерге ие болады:

Huawei компаниясының тегін оқу курстарына қатысу;

Халықаралық сертификаттар алу (HCIA, HCIP деңгейінде);

Ұлттық және халықаралық кезеңдерге қатысу;

Huawei компаниясында тағылымдамадан өту;

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген кәсіби мамандармен және замандастарымен байланыс орнату.

 

 

Байқаудың негізгі бағыттары:

 

Network Track (Желілік технологиялар)

Cloud Track (Бұлтты технологиялар мен үлкен деректер)

Computing Track (Жасанды интеллект және есептеу жүйелері)

Innovation Track (Жобалар мен инновациялар)

 

Shakarim University студенттері Huawei ICT Academy ұсынған мүмкіндіктерге және алда келе жатқан халықаралық байқауға зор қызығушылық танытты. Мұндай бастамалар елімізде білікті ІТ-мамандардың жаңа буынын қалыптастыруға ықпал етіп, студенттерге халықаралық деңгейде мансаптық өсімге жол ашады.