Бүгін Шәкәрім университетінде "Edusummer: Озық тәжірибе – ортақ даму" атты жазғы мектептің ашылу рәсімі өтті.
Оған университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен жазғы мектеп қатысушылары қатысты. Іс-шара барысында сөз сөйлеген университет басшылығы жазғы мектептің білім алушылардың ғылыми әлеуетін арттыруға, заманауи білім беру үрдістерімен танысуға және тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік беретінін атап өтті.
"Edusummer" бағдарламасы аясында Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты оқытушылармен тәжірибе алмасып, ортақ дамуға бағытталған идеяларды жүзеге асыруды бастайды.
Жазғы мектептің мақсаты – оқытушылардың кәсіби дамуын қолдау, жаңа заман талаптарына сай цифрлық және педагогикалық трансформацияны қамтамасыз ету, халықаралық және академиялық интеграцияға бағытталған құзыреттерді дамыту.
Жазғы мектеп аясында қатысушыларға дәрістер, шеберлік сабақтары мен тренингтер ұсынылады. Сонымен қатар, оқытушылар мен жазғы мектеп қатысушылары өзара пікір алмасып, жаңа идеяларды ортаға салу арқылы ортақ даму бағыттарын айқындайтын болады.
Edusummer – бұл озық тәжірибе мен жаңашылдыққа негізделген алаң, болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған маңызды бастама.
Бұл жазғы мектеп – білім алушылардың зерттеу дағдыларын жетілдіруге, инновациялық ойларды дамытуға және заманауи білім кеңістігінде жаңа мүмкіндіктерді игеруге жол ашады.
Озық тәжірибе – ортақ даму!
Жаңа идеялар – жарқын болашақ!

