«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ және «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум бекітілді.
Ғылыми білім беру саласында өзара серіктестікті дамытуға бағытталған маңызды құжатқа Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков пен «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Бас директорының м.а. Әнуарбек Бермағамбетов қол қойды....
Shakarim University Абай облысының Экология департаменті және «Полигон 21» қоғамдық бірлестігімен бірге Ecological Brainstorming, яғни экологиялық ой-дода өткізді.
«ЖасStar» коворкинг орталығында өткен іс-шараны университет ректоры Думан Орынбеков ашып, қатысушы жас ғалымдарға сәттілік тіледі. Экологиялық іс-шара барысында өңірдің дамуына және қоршаған ортаның қауіпсіздігіне әсер ететін бірқатар маңызды мәселелер талқыланды....
23 университет, бір жеңіс. Ол Shakarim University-ге бұйырды!
2025 жылғы 29-31 қаңтар аралығында Астанада «Қазақстан университеттері – ел дамуының драйверлері» Хакатон-2025 шарасы өтті. Ауқымды шара еліміздің жетекші жоғары оқу орындарын, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігін біріктіріп, жоғары білім саласындағы үздік стратег атану үшін интеллектуалдық бәсеке алаңына айналды.
Жарыс...
Көрме және оның маңызы
Көрмеге қатысу – Қазақстанның жоғары оқу орындары, соның ішінде Shakarim University сияқты аймақтық университеттер үшін стратегиялық қадам. Ол халықаралық деңгейге шығу, жетекші білім беру мекемелерімен байланыс орнату және өңірлердегі жоғары оқу орындарының алдында тұрған өзекті мәселелерге шешімдер іздеуге мүмкіндік береді.
Бірінші күн іс-шаралар бағдарламасымен танысуға арналды....
«Серпін-2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасының аясында 2024 жылдың 23-қаңтары күні Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ делегациясы Шәкәрім университетімен танысу және ынтымақтастық қарым-қатынас орнату мақсатында арнайы іссапармен келді.
«Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы 2014 жылдан бастап халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр...
Білім беру Жоғары мектебі Психология кафедрасының ұйымдастыруымен ЖасStar коворкинг орталығында «Эмоциялар палитрасы» және «Жұмыс орнындағы психологиялық саулық» психологиялық марафоны өткізілді. Марафонға университеттің барлық қызметкерлері қатысты.
Алғашқы болып сөз алған Білім беру Жоғары мектебінің деканы Мұхтар Әбдікәкімов:
«Университетте өткізілетін іс-шаралардың барлығы дерлік оқытушыларға арнап ұйымдастырылады. Біз бүгінгі марафонда қызметкерлерді...
Бүгін Білім беру жоғары мектебінің Өнер кафедрасының ұйымдастыруымен Шәкәрім университетінің оқытушылары мен қызметкерлеріне «Сиқырлы өнер әлемі» тақырыбында шеберлік сабақтар өткізілді. Шеберлік сабақтар үш бағытты қамтыды: мүсін өнері, «кілем кесте» техникасы және «Кинусайга» жапондық бейнелеу өнері техникасы.
Мүсін өнері бойынша шеберлік сабағын ұйымдастырушы, Өнер кафедрасының оқытушысы Еркебұлан Тәтиев қатысушыларды...
Ел тарихында алғашқы рет Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек бастаған қазақстандық делегация Bett Show халықаралық көрмесінде Study in Kazakhstan ұлттық жоғары білім мүмкіндіктерін таныстыруда.
Bett Show білім беру саласындағы жоғары технологиялар мен компьютерлер көрмесі. Bett миссисы – оқытушылар мен білім алушылардың өз әлеуетін жүзеге асыруы үшін адамдарды, идеяларды,...
2025 жылғы 20-25 қаңтар аралығында Қазақстанның жоғары оқу орындарының делегациясы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің басшылығымен Ұлыбританияның ExCeL London көрме орталығында өтіп жатқан Bett UK: Leading EdTech 2025 білім беру технологиялары саласындағы әлемдік көрмеге қатысуда.
Шара барысында Shakarim University Ректоры Думан Орынбеков және Интернационалдандыру және инновациялар...
Білім беру жоғары мектебі Психология кафедрасының оқытушысы Рапикова Сандуғаш Ануарбекқызы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 6D010300/8D01101 Педагогика және психология бағыты бойынша философия докторы(PhD) дәрежесін алу үшін “Болашақ педагог-психологтардың психодиагностикалық іс-әрекетті ұйымдастыруға дайындығын қалыптастыру” тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғап шықты.
Әріптесімізді диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз! Әрі қарай кәсіби табыс, жаңа...