"Орман ресурстары және орман шаруашылығы" білім беру бағдарламасының білім алушылары С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің "Сарыарқа" БЖК (Щучинск қ.) базасында 2022 жылғы "Климаттың өзгеруіндегі табиғи ресурстардың рөлі" VIII Халықаралық жазғы мектебінде екі апталық оқудан өтті. Студенттер Шәкәрім университет ректорына Бауыржан Амангелдіұлы Ердембековке, ветеринария және агроменеджмент факультетінің барлық профессорлық-оқытушылық құрамына,...
19-23 маусым аралығында Шәкәрім университетіне жазғы зерттеу мектебін өткізу үшін Канада елінен “Academics without Borders” халықаралық ұйымының өкілдері келді. Әлемге әйгілі “Academics without Borders” ұйымы бүкіл әлем бойынша жоғары білім беру жүйесін дамытуға көмектеседі.
Мектептің мақсаты – ғылыми зерттеулер мен мақалаларды танымал халықаралық рецензияланатын журналдарда жариялауға дайындау. Қоғамдық пәндерді оқытудың...
Бүгін Шәкәрім университетінде "Edusummer: Озық тәжірибе – ортақ даму" атты жазғы мектептің ашылу рәсімі өтті.
Оған университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен жазғы мектеп қатысушылары қатысты. Іс-шара барысында сөз сөйлеген университет басшылығы жазғы мектептің білім алушылардың ғылыми әлеуетін арттыруға, заманауи білім беру үрдістерімен танысуға және тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік беретінін атап...
Shakarim University-де «EDUSUMMER: Озық тәжірибе – ортақ даму» тақырыбында өткен «Жазғы мектеп» аяқталды.
Биылғы «Жазғы мектеп» бағдарламасы мазмұнды әрі жан-жақты болды. Қатысушыларға арналған семинарлар мен шеберлік сабақтары білім беру сапасын арттырудың жаңа тетіктеріне арналды. Сондай-ақ, пікірталас алаңдарында педагогтар тәжірибе алмасып, өздерінің әдістемелік ізденістерін ортаға салды.
Бағдарлама барысында қатысушылар үшін...